«Алты адам зардап шекті»: Алматы маңында пойыз бен автобус соқтығысты

Наурыз 31, 2026 - 09:53
chat_bubble  0 visibility  1
«Алты адам зардап шекті»: Алматы  маңында  пойыз бен автобус соқтығысты
Фото: Видеодан скрин

Алматы–Боралдай бағытындағы теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.  Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай 30 наурыз күні кешке Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы автожолындағы теміржол өткелінде болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, көмір станциясынан келе жатқан пойыз өткел арқылы қозғалыс жасаған. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған алты адам медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полициядан.

Апатқа жол берген маршруттық автобустың жүргізушісі кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0