«Алтын қазаққа алғысымыз шексіз»: Мейрамбек Бесбаев елге ризашылығын білдірді

Сәуір 27, 2026 - 15:00
chat_bubble  0 visibility  2
«Алтын қазаққа алғысымыз шексіз»: Мейрамбек Бесбаев елге ризашылығын білдірді
фото: әлеуметтік желіден

Әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа алғысын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі “МузАРТ” тобының 25 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өткенін айтып, тыңдармандарына ризашылығын жеткізді.

“Ардақты ағайын! Өздеріңіздің көз алдарыңызда құрылып, өсіп, жетіліп, жігіттік жас – 25-ке келген “МузАРТ” тобының мерейтойы дүркіреп өтті. Байтақ Отанымыздың барлық өңірлерінде өткен мерейтойлық концертімізге періште көңіл тыңдармандарымыз қуана келіп, баталарын беріп тарасты. “МузАРТ” әлі өзінің мұзарт шыңында тұрғанына кезекті рет көзіміз жетіп, мерейіміз тасып, төбеміз көкке жетті”, – деп жазды әнші. Сондай-ақ Мейрамбек Бесбаев арнайы келіп құттықтап, бірге ән шырқаған әріптестері мен қошемет көрсеткен көрерменге алғыс айтты. “Біздің қуанышымызға арнайы келіп құттықтаған, бізбен қосылып ән шырқаған, бізге телегей теңіз қошемет көрсеткен Алтын Қазаққа алғысымыз шексіз!” – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0