Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті

Қыркүйек 1, 2025 - 10:21
Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
Фото: әлеуметтік желі

Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады. Бұл жайында өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Иә, кеше жол апаты болды. Сарыағашқа бара жатқан жолда жоғары жылдамдықпен келе жатып, бір көлікпен соқтығысып қалдық. Екі көлік те трассадан шығып кетті. Дегенмен, ең бастысы – бәріміз дін аманбыз, ешкім зардап шеккен жоқ. Соған шүкіршілік еттік», – деді ол.

Әншінің айтуынша, ол бұл ақпаратты көпшілікті дүрліктіру үшін емес, жолда жүрген жолаушыларға сақ болу керектігін ескерту мақсатында жариялаған.

«Желіге тек “жүргенде абай болыңыздаршы” деген оймен салған едім. Хабарласып, тілектестігін білдіріп жатқан жандарға алғыс айтамын. Аман болайық», – деді Майғазиев.

Айта кетейік, бұған дейін «Мұзарт» тобының мүшесі ұлының үйлену тойын елде алғашқылардың бірі болып ақылы түрде онлайн көрсетіп, қоғамда түрлі пікірге қалған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow