Антидопинг ережесін бұзған қазақ балуаны спорттан шеттетілді
Талғат – Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.
Еркін күрес шебері Талғат Сырбаз допинг қолданғаны үшін 3 жылға жарыстан шеттетілді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Талғат Сырбаздың сынамасынан спортшыларға қолдануға тыйым салынған дростанолон препараты табылды. Енді ол 2024 жылдың 30 сәуірінен 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Айта кетейік, Талғат Сырбаз биыл Түркияда өткен лицензиялық турнирде бақ сынауы керек болған. Бірақ денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмаған еді.
Талғат – Азия чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы.
Сіздің реакцияңыз қандай?