Антикордың бұрынғы орынбасарының інісі ұсталды

Желтоқсан 10, 2024 - 10:40
 0  46
Антикордың бұрынғы орынбасарының інісі ұсталды

Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Дәуренбек Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Дәуренбек Қожабаевқа пара алды деген күдікпен іздеу жарияланған болатын. Ол Шымкенттегі орта мектептердің бірінің директорын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін пара алған. БАҚ мәліметінше, ол Антикор бастығының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың інісі.

«Дәуренбек Қожабаевқа тергеуден жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды. 30 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды»,  деп хабарлады Антикор.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0