Апатқа ұшыраған Түркияның әскери ұшағында болған барлық адам қаза тапты – БАҚ

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қараша 12, 2025 - 11:12
Қараша 12, 2025 - 11:12
Апатқа ұшыраған Түркияның әскери ұшағында болған барлық адам қаза тапты – БАҚ
Фото: media.az

Түркияның әскери-көлік ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Апатқа ұшыраған ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 20 адам болған. Ұшақ құлаған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Әзербайжаннан Түркияға қарай ұшып шыққан С130 әскери ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі NSosyal әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Олардың хабарлауынша, Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған әуе көлігінің сынықтары табылды. Апаттың себебі ұшақ апаттарын тергеу жөніндегі комиссияның жіті тексерісінен кейін белгілі болады.

"Грузияның іздестіру-құтқару топтары апат болған жерге жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жеткен. Ұшақ сынықтары біздің әуе апаттарын тергеу тобының тексерісін өткізу үшін қоршауға алынды. Біздің тергеу тобымыз оқиға орнына бағыт алды. Ұшақтың құлау себебі апат орнында авиациялық тергеу тобы жүргізетін жан-жақты зерттеу нәтижесінде анықталады", – делінген Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан апатқа ұшыраған әскери-көлік ұшағында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Министр іздестіру-құтқару жұмыстарының барысын мұқият бақылап отырғанын айтты.

БАҚ жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша әскери ұшақ апатынан ешкім аман қалмады.

Түркияның әскери ұшағы Грузияда апатқа ұшырауына байланысты Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow