«Арамнан арылтуға күш салған»: Нұрлан имам Руслан Берденов туралы айтты

Сәуір 22, 2025 - 21:31
«Арамнан арылтуға күш салған»: Нұрлан имам Руслан Берденов туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Танымал имам, қоғам белсендісі Нұрлан Байжігітұлы Instagram парақшасында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке арнап, саулық тілеген жазба жариялады, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Елдің бірлігі мен әділетін ойлаған, арамдықпен күресіп, халқының қамын жеген азамат – Руслан бауырым, Алла шипасын берсін! Жаратқан ием қолдап, әрдайым қорғап жүрсін! Әумин!», – деп жазды Нұрлан имам.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, дереу ауруханаға жеткізілді.

Операция төрт сағатқа созылып, дәрігерлер оның қазіргі жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow