Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады

Ақпан 11, 2025 - 10:32
Ақпан 11, 2025 - 10:32
Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады
El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аштық жариялағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

«Мен аштық жарияладым, өйткені өзімді о бастан кінәсіз деп санаймын», - деп жазған ол өзінің Facebook парақшасында.

Мұхамедиұлы сондай-ақ құзырлы органдар тарапына ашық хат жолдағанын айтады. Президент Әкімшілігіне жолдаған хатында өз ісін қайта қарауды сұраған. Сондай-ақ, өзінің жазықсыз отырғанын айтады.

Алайда, Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Ресми хабарламада аштық жариялау туралы ақпарат шындыққа жанаспайтыны аталған.

"Ол тамақ ішіп жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да болған жоқ. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен сотталушы ұялы телефон қолдана алмайды. Бұл ретте оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жарияланым бойынша тергеу жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow