«Арқаныңды кесіп тастаймын»: Астана тұрғыны альпинистің жұмысына кедергі келтірді (ВИДЕО)

Альпинист жұмысын жалғастыра алмаған

Қараша 26, 2025 - 16:11
Қараша 26, 2025 - 16:22
 0  11
«Арқаныңды кесіп тастаймын»: Астана тұрғыны альпинистің жұмысына кедергі келтірді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Астанадағы жасыл бульвар тұрғын үй кешенінің тұрғыны өнеркәсіптік альпинистің жұмысына кедерді келтіргені бейнеленген жариялаған тарады. Видеоны альпинистің өзі салған, деп жазады Azattyq Ryhy.

Бейнежазбада қала тұрғыны альпинист жұмыс істеп тұрған арқанды «кесіп жіберемін» деп қорқытқан.

Бұған альпинист «Қолыңнан келсе, кес. Мен жұмыс істеп жатырмын» деп жауап береді.

«Біреудің өміріне қасақана қауіп төндірудің жаза барын білетін шығарсың. Мен өз жұмысымды атқарып жатырмын. Қолыңнан келсе кес. Әлде сөздерің бос сөз бе? Қане, кесетін болсаң, кес, мен күтіп тұрмын»,- деген альпиниске тұрғын да өз уәжін айтқан.

«Біреудің мүлкіне рұқсатсыз тиісу де заңсыз екенін білесің бе? Мен де видеоға түсіріп алдым», - дейді ол.

Алайда осындай қауіптен кейін маман жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған, себебі жағдайды қауіпті деп есептеген.

Қазір желі қолданушылары бұл жанжалдың не себепті туындағанын және осындай жағдайда жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдануы керектігін талқылап жатыр. Басым бөлігі альпинистің жұмысына кедергі келтірген тұрғынды айыптаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Главные новости Алматы (@sergek_almaty_)

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0