«Әрқашан жаныңдамын»: Шерхан Қалмұрзаның анасы жазған жазба талқыға түсті

Қыркүйек 20, 2025 - 16:47
«Әрқашан жаныңдамын»: Шерхан Қалмұрзаның анасы жазған жазба талқыға түсті
Фото: instagram/@sa_raby

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Жас спортшының дебюті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, оған қолдау көрсеткендердің бірі – туған анасы Сәуле Рабаева болды, деп хабарлайды sadaq.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеп. 

Ойыннан кейін әлеуметтік желіде ұлына арнаған жазбасында Сәуле Рабаева былай деді:

«Сен – ең үздіксің, ұлым! Сен – менің мақтанышымсың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен үшін сен ең мықтысың. Жүрегім, алда сені үлкен биіктер күтіп тұр. Берілме. Әрқашан жаныңдамын. Саған сенемін. Әрқашан сеніп келемін», - деді анасы,

Бұл сөздер жас қақпашыны қолдаған мыңдаған жанкүйердің жүрегінен орын алып, әлеуметтік желілерде кең тарады.

Еске сала кетейік, Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын Португалияның мықты клубы «Спортингке» қарсы өткізді. Кездесуде қақпаға командадағы үшінші нөмірлі қақпашы – 18 жастағы Шерхан Қалмырза сенім артылды.

Ойынның алғашқы минуттарында ол пенальти соққысын қайтара отырып, жанкүйерлерді дүр сілкіндірді. Дегенмен кейін төрт гол жіберіп алды. Соған қарамастан, Қалмырзаның ерекше сейві УЕФА таңдаған Чемпиондар лигасының бірінші турындағы үздік бес сейвтің қатарына енді.

Шерхан Қалмырза осы ойыны арқылы турнир тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі атанды. Сарапшылар оның болашағынан зор үміт күтетінін айтып отыр.

Жанкүйерлер әлеуметтік желілерде жас қақпашының қайсарлығына тәнті болып, «Шерхан – ертеңгі күннің жұлдызы», «Мықты қақпашы қалыптасып келеді» деген қолдау пікірлерін жазуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow