Артында бес баласы қалды, кенжесі - үш айлық: Ақтау тұрғыны ерлікпен қаза тапты

Ақтауда адам өмірін арашаламақ болған ер азаматтың өзі суға батып кетті. Қайғылы жағдай демалыс күндері теңіз жағасындағы демалыс базаларының бірінде тіркелген, деп хабарлайды sadaq.kz.
39 жастағы Құрық ауылының тұрғыны Ерлан Шонтабаев достарымен бірге демалып жүрген. Осы сәтте жағалауда шомылып жүрген екі қыз суға бата бастаған. Қыздардың жан даусын естіген жігіттердің бірі суға секіріп, екіншісі көмекке шақырған. Ерлан бұл сәтте ойланбастан теңізге қарай жүгіреді.
Ол екі қызды судан алып шығады. Алайда үшінші адамды құтқару кезінде қиындық туындайды. Қатты қорыққан 24 жастағы жігіт Ерланды аяғынан тартып, екеуі де суға батып кеткен.
Құтқарушылардың айтуынша, қыздар жағаға өздері шыққан. Ерлан Шонтабаевтың денесі жағалаудан 10 метр жерден табылған. Ал жас жігіттің денесі бірнеше сағаттан соң 1,5 метр тереңдіктен шығарылған.
Батыр азамат артында жұбайы мен бес баласын қалдырды. Ең кенжесі — үш айлық.
Сіздің реакцияңыз қандай?






