«Артында төрт баласы қалды»: Ақтөбеде көпбалалы ананың мәйіті өз үйінен табылды

Тамыз 18, 2025 - 09:39
chat_bubble  0 visibility  36
«Артында төрт баласы қалды»: Ақтөбеде көпбалалы ананың мәйіті өз үйінен табылды
Фото: Pixabay

Ақтөбеде көпбалалы ананың мәйіті өз үйінен табылды. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

Қайғылы оқиға Ақтөбеде 16 тамызға қараған түні болды. 30 жастағы әйелдің артында төрт баласы қалды.

Ерлі-зайыпты кешкісін қонақтан үйлеріне оралған. Түнде күйеуі мен балалары ұйықтап жатқанда, әйел бөлмеге кіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері оның көз жұмғанын ғана тіркеді. Полиция тексеріс жүргізіп, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Басылымның дерегінше, отбасы 2024 жылы Атырау облысынан Ақтөбеге қоныс аударған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0