«Аша Матайды сотқа беруім мүмкін»: Заңгер Мейірман Шекеев тележүргізушінің мәлімдемесіне жауап берді (ВИДЕО)
Белгілі заңгер Мейірман Шекеев тележүргізуші әрі «Қазақстан Халық партиясының» атынан кандидат ретінде тіркелген Аша Матайдың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мейірман Шекеевтің айтуынша, Аша Матай оның дебатқа шақырудағы ойын дұрыс түсінбеген. Сондай-ақ заңгер оның «тәрбием жібермейді» деген сөзін негізсіз деп бағалады. Ол бұл мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін және сотқа жүгінуі мүмкін екенін айтты.
«Аша Матай меңзеуді дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің не қатысы бар екенін түсінбедім. Десе де мен оған толық жауап беремін. Мен Аша Матайды сотқа беруім де мүмкін. Менің сөзімді бұрмалағаны үшін», – деді заңгер.
Сондай-ақ заңгер Аша Матайдың мәлімдемесін мүлде түсінбегенін жеткізді.
«Аша Матайдың сөздерін маған түсінікті тілге аударып беретін маман барма? Мен не дедім, домбырам не дедіңнің сиқы болып, түсінбей дал болып отырмын. Тәрбиесі, көкірегі тағы басқасы несі?»,– деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай дебатқа қатысу туралы ұсынысқа жауап беріп, «тәрбием жібермейді» деген оймен пікірталастан бас тартқан еді.
“Анамның үйреткені – қазақ қызына жеке пікірін дәлелдеу үшін ер адаммен, оның үстіне ел ағасы жасындағы кісімен сөз таластыру жараспайды. Айтарым да, арманым да бар. Дегенмен тәрбием жібермейді. Дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Көкірегімді дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын”, – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0