«Ашу үстінде сарказммен жаздым»: Депутат Самат Нұртаза мәлімдеме жасады

Ақпан 13, 2026 - 18:04
Ақпан 13, 2026 - 18:11
 0  6
«Ашу үстінде сарказммен жаздым»: Депутат Самат Нұртаза мәлімдеме жасады

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желілерде қоғам наразылығын тудырған қазақ тіліне қатысты пікірі бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Самат Нұртаза бұл жазбаның бірнеше жыл бұрын жазылғанын айтты. 

«Бұл пікірді мен 2019–2020 жылдары эмоцияға беріліп, ашу үстінде және сарказммен жазған болатынмын. Біреулер бұл сөзді контекстен жұлып алып, мағынасын бұрмалаған. Бұл скриншот жыл сайын дерлік қайта шығып отырады», – деді ол.

Сонымен қатар халық қалаулысы осы мәселеге байланысты бүгін ресми мәлімдеме жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0