«Асылып өлгім келді»: Жағы сынған сарбаздың жазған хаттары тарады

Ақпан 19, 2026 - 21:43
Ақпан 19, 2026 - 21:45
 0  1
«Асылып өлгім келді»: Жағы сынған сарбаздың жазған хаттары тарады
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Отардағы әскери бөлімде соққыға жығылып, жағы сынған сарбаз Есбол Қапардың жақындарына жазған хаттары жарияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Үш күннен бері шулап жатқан Гвардейск гарнизонындағы былықтың барлық мән-жайын бір видеоға сыйғызуға тырыстық.  Жапа шеккен сарбаз бәрінің атын атап, түсін түстеп тұр. Бірақ, Қорғаныс министрлігі: ешқандай сержант ұрған жоқ, екі солдат шекісіп, төбелесті деп хабарлауда. Тіпті, екінші сарбаз қаруласын “ұрғанын” мойындап қойыпты. Бұл аздай, қос сарбазды ажыратқан солдаттар (куәгерлер) дайын дейді. Дәл жақ сынған күні әскери бөлімде бейне камералар істен шыққан, әлі істемейді. Әйтеуір, Отанды қорғаймын деп нақақтан нақақ жастар күйіп кетпесін! Жағы сынғаннан емес жас балалардың сағы сынғаны қорқынышты..." – деп жазды тележурналист.

Жарияланған бейнежазбала  жағы сынған сарбаздың таныстарына жазған хаттары көрсетілген.

"Асылып өлгім келді. Үйден жіп іздеп таппай қойдым. Жаным қатты қиналды. Шыдай алмадым. Сосын жіп іздеп таппай қойдым. Пакеттерді бір-біріне байлап асылып көрдім. Пакет үзіліп кетті", – деп жазылған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0