Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 7, 8 және 9 қарашада Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Казгидромет мамандарының болжамына сенсек, Астанада 7 қарашада құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус.
8-9 қарашада құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0 градус деңгейінде болады.
Сол секілді осы күндері Алматыдағы ауа райы да құбылмалы болмақ.
7 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
8 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
9 қарашада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде шамамен 0 градус, күндіз 9-11 градус жылы.
Сіздің реакцияңыз қандай?