Астана мен Шымкент қалаларында жаңа прокурорлар тағайындалды

Ақпан 9, 2026 - 13:23
 0  2
Астана мен Шымкент қалаларында жаңа прокурорлар тағайындалды
Фото: ҚР Бас прокуратурасы, коллаж: Sadaq.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының келісімімен еліміздің екі мегаполисінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Бас Прокурордың бұйрығымен елорда мен Шымкенттің қадағалау органдарына жаңа басшылар бекітілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Елордалық прокуратура тізгіні 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқановқа тиді. Айта кетейік, ол бұған дейін де осы деңгейдегі қызметті атқарып, Шымкент қаласының прокуроры болған.

Ғабит Мұқанов еңбек жолын Кербұлақ ауданында бастап, кейін Алматының Медеу ауданында, Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінде жемісті еңбек етті. Көпжылдық мінсіз қызметі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

Шымкент қаласының прокуроры лауазымына 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев келді. Бұған дейін ол Бас прокуратурада Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметін басқарды.

Елдос Сағиев жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары мен Арнайы прокурорлар қызметінде мол тәжірибе жинаған маман. Жоғары жетістіктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен, сондай-ақ ІІ дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0