Астанада ата-анасының «жаназасына» ақша жинаған адам қамауға алынды

Астанада ата-анасының қазасы туралы жалған ақпарат тарату арқылы ақша жинаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 35 жастағы ер адам алдымен жұмыстағы әріптестеріне әкесінің, одан кейін анасының қайтыс болғанын айтып, жерлеу рәсіміне ақша жинаған.
Осылайша, адамдардың сенімі мен жанашырлығын пайдаланған. Ал тексеріс кезінде ата-анасы тірі болып шықты. Полиция күдіктінің осындай тәсілмен кемінде 10 адамды алдағанын анықтады.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетері, бірнеше адамға қатысты жасалған алаяқтық әрекет үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






