Астанада ішінде кішкентай бала бар лифт тоғызыншы қабаттан құлады

Тамыз 15, 2025 - 14:25
Тамыз 15, 2025 - 16:59
Астанада ішінде кішкентай бала бар лифт тоғызыншы қабаттан құлады
Фото: pexels.com

Астанада бала отырған лифт тоғызыншы қабаттан құлап кетті. Қуанышқа орай, бала ауыр жарақат алмаған, деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Операциялық лизингті оңай әрі тез рәсімдеңіз Желіде елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт тоғызыншы қабаттан құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Желі қолданушыларының сөзінше, лифт ішінде бала болған.

Ол құймышағын ауыртып алған. NUR.KZ тілшісі Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып, оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады. Ведомстводағылар баланы ата-анасы №2 көпсалалы балалар ауруханасына өз бетінше әкелгенін мәлім етті.

"Қабылдау кезінде барлық тиісті маман тексеріс жүргізді. Ауыр жарақат болмағандықтан, ауруханаға жатқызу талап етілмеді. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Астана полиция департаменті өкілдері де бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді ПД өкілдері.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow