Астанада ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған

Қыркүйек 15, 2026 - 15:52
 0  24
Астанада ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған
Фото: Видеодан скрин

Астанадағы пәтерлердің бірінен 53 жастағы әйел мен оның 55 жастағы күйеуінің мәйіті табылды, деп хабарлайжы Sadaq.kz.

Елорда полиция департаменті әйелдің өлтірілгенін және кейін оның күйеуінің өзіне қол салғанын растады. Оқиға Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде болған. 

Полиция мәліметінше, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Қақтығыс кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған. Артынша өзі де пышақ жарақатын алған. Екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Көршілердің айтуынша, қайғылы жағдайға олардың 12 және 14 жастағы екі баласы куә болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0