Астанада көші-қон қызметі бастығының орынбасары ұсталды
Астана қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаева қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ тергеу шетел азаматтарына Қазақстанда тұруға ықтиярхаттарды заңсыз рәсімдеу деректеріне қатысты жүргізіліп жатқаны айтылды.
Бейресми мәліметтерге сәйкес, іске бірнеше мемлекеттік органның өкілдері де қатысы болуы мүмкін. Тергеуді Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жүргізіп жатыр.
ҰҚК аталған ақпаратқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің ресми жауабында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0