Астанада лифт ішінде әдепсіз әрекет жасаған екі ер адам ұсталды

Аталған жайттар бейнебақылау камераларына түсіп, әлеуметтік желіде тараған. Осыдан кейін полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар 27 және 30 жастағы ер адамдар болып шықты.

Қазан 16, 2026 - 23:15
 0  3
Астанада лифт ішінде әдепсіз әрекет жасаған екі ер адам ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Астанада тұрғын үйдің кіреберісінде әдепсіз әрекет жасаған екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Елордалық полицияның мәліметінше, оқиғалардың бірі көпқабатты үйдің баспалдақ алаңында болған. Ер адам балалар арбасының жанында іш киімін шешкен. Ал екінші азамат іш киіммен жүріп, лифтіні бүлдіруге тырысқан.

Аталған жайттар бейнебақылау камераларына түсіп, әлеуметтік желіде тараған. Осыдан кейін полицейлер күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар 27 және 30 жастағы ер адамдар болып шықты.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, екі азамат та ұсақ бұзақылық жасап, тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар 30 жастағы ер адамның қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Бұл әрекеті үшін оған қосымша әкімшілік шара қолданылды.

Қазіргі уақытта жинақталған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.

⁠

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0