Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанаған баланы көлік таптап кетті (ВИДЕО)

Наурыз 11, 2025 - 12:45
Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанаған баланы көлік таптап кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Астана қаласы Бөлекбаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдің пандусына шығып алып, сырғанаған он жасар баланы көлік басып кетті , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға кеше, 10 наурыз күні болған. Үш бала пандустан жолға қарай сырғанаған кезде тар көшеден өтіп бара жатқан Mitsubishi көлігі тоқтап үлгермей, баланы басып кеткен. Абырой болғанда, бала аман, емделіп жатыр.

«Он жасар бала ауруханаға түсті. Қазір тексеріс жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Ал, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала қатты жараланбаған, тек денесі ауырсынып қалған.

«Баланың жағдайы жақсы. Оны дәрігерлер толық тексеріп, үйіне жіберді. Ол амбулаторияда емделеді», - деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA|АСТАНА|SERGEK (@astana_brothers)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow