Астанада жол апатынан төрт адам зардап шекті
Астанада Орынбор көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысатын тұста жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Changan" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Орынбор көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысатын тұста келе жатып, солға бұрылу маневрін жасау кезінде бағдаршамның қосымша секциясының сигналын елемей, тыйым салынған белгіге өтіп кеткен. Қарсы бағытта тура келе жатқан "Mitsubishi" автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Нәтижесінде "Changan" автокөлігі бағдаршамның металл тіреуіне барып соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Changan" көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Екі автокөлік те эвакуацияланып, коммуналдық айып тұрағына қойылды", – делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметке сәйкес, екі жүргізуші де алкогольдік масаң күйде болмаған. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0