Астанада жойқын жарылыс болды

Желтоқсан 12, 2025 - 09:19
 0  20
Астанада жойқын жарылыс болды
Фото: ТЖМ

Астанада тандырханада жарылыс болып, салдарынан сол маңайда жүрген бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқыс оқиға Алматы ауданындағы М.Жұмабаев көшесінде болды. Қалалық ТЖД мәліметінше, екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.

«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді», - делінген ТЖД хабарламасында.

Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0