Асу Алмабаев UFC турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

Шілде 27, 2025 - 10:54
 0  73
Асу Алмабаев UFC турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) Абу-Дабиде (БАӘ) аралас жекпе-жектен UFC on ABC 9 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алмабаев перулік Хосе Очоамен (8-1) жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Асу Алмабаев кәсіпқой карьерасындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізсе, Хосе Очоа ММА-де екінші рет жеңіліске ұшырап отыр. Алмабаевтың UFC-дегі рекордына келетін болсақ, ол қазір 5-1.

Еске сала кетейік, Асу өзінің алдыңғы жекпе-жегінде жеңіліске ұшырады, оны үшінші раундта анголалық файтер Манел Капе (21-7) нокаутқа түсірді.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0