«Ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өтпеді»: Ұлдана Мырзуанның анасы мәлімдеме жасады
Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Салима Ершанқұлқызы марқұмның жұбайы Зейнет Әділеттің қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның мүддесін қорғаушы Нұрсұлтан Орынбеков әлеуметтік желіде жариялаған видеода Салима Ершанқұлқызы қоғамда туындаған сауалдарға жауап беруді жөн көргенін айтты.
Анасының сөзінше, Зейнет Әділет те, оның туыстары да қайта шаңырақ көтерер алдында марқұмның ата-анасынан рұқсат сұрап немесе арнайы келіп кездеспеген. Сонымен қатар ол қызының өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған Зейнет Әділеттің бұл мәртебеден бас тартқанын қалайтынын жеткізді.
Салима Ершанқұлқызы сондай-ақ қызының мүлкіне қатысты да түсініктеме берді. Оның айтуынша, заң талаптарына сәйкес Ұлдана Мырзуанның зейнетақы қорындағы жинақтары жұбайына берілген, ал өз еңбегімен сатып алған автокөлік ата-анасының меншігіне өткен.
Оның сөзінше, көлік 22 шілдеден бастап ресми түрде өздерінің атына рәсімделген. Марқұмның анасы қызының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0