Аты аңызға айналған Болливуд жұлдызы көз жұмды

Ол «Зита мен Гита» киносында танылған

Қараша 24, 2025 - 16:22
 0  19
Аты аңызға айналған Болливуд жұлдызы көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Аты аңызға айналған Болливуд жұлдызы Дхармендра 90 жасқа қараған шағында дүние салды. Өнер иесі бірнеше апта бұрын ол ем қабылдаған ауруханадан шыққанымен, жағдайы қайта нашарлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дхармендра үнді киносының ең жарқын әрі халық сүйген жұлдыздарының бірі саналады. Алпыс жылдан астам шығармашылық жолында ол 300-ден аса фильмге түсті. Сол картиналардың ішінде «Зита мен Гита», «Менің сүйікті раджам», «Кек пен заң» секілді Болливуд классикасына айналған туындылар бар. Бұл фильмдер оған бүкілхалықтық махаббат пен зор бедел әкелді.

Жасына қарамастан, актер шығармашылықты жалғастырып келген. Оның соңғы фильмінің премьерасы 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Дхармендра – үнді киносының тарихында өшпес із қалдырған актёр. Ол Болливуд жұлдызы Хема Малинидің жұбайы болған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0