Атырау облысында аңға шыққандар ауыл тұрғынын атып өлтірді

Желтоқсан 8, 2025 - 11:56
 0  15
Атырау облысында аңға шыққандар ауыл тұрғынын атып өлтірді
Фото: ғаламтордан

Атырау облысы Аққора ауылында түнгі аңшылық кезінде оқыс оқиға болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Jagdai басылымының дерегінше, аңға шыққан ауыл тұрғындары жолға шығар алдында алкогольдік ішімдік ішкен, ал қайғылы жағдайға қаруды абайсыз пайдалану себеп болған.

Қызылқоға ауданының полиция бөлімі қылмыс фактісі бойынша іс қозғады. Күдікті  ретінде 36 жастағы ауыл тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0