Атырауда 17 жастағы қыз көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткен
Өткен түні Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы автокөлік көпірінен белгісіз адамның Жайық өзеніне секіріп кеткені туралы құтқарушыларға шақырту түскен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға куәгерлері – 2 әуесқой балықшы, сол сәтте өзен жағасында балық аулап отырған. Олар адамның суға құлағанын байқап, бірден әрекетке көшкен: біреуі дереу «112» нөміріне хабарласса, екіншісі батылдық танытып, зардап шегушіні құтқару үшін суға секірген.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде зардап шегуші және көмек көрсеткен азамат судан шығарылды.
Зардап шеккен 2009 жылы туған азаматша жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды.
Бұл жағдай – қарапайым азаматтардың жанашырлығы мен батылдығының, сондай-ақ құтқарушылардың жедел әрі кәсіби жұмысының айқын көрінісі. Бірлескен әрекеттің арқасында адам өмірі аман қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0