Атырауда екі жасөспірімді қатарластары аяусыз соққыға жыққан

Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінде 2 жасөспірімді жоғары сынып оқушылары ұрып-соққан.
Бұл фактіні облыстық полиция департаменті растады. Полицияның айтуынша, балаларды ұрып соққандардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынатын болады. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, оларға қатысты іс-құжаттар кәмелкетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады, дейді полициядағылар.
Сіздің реакцияңыз қандай?






