Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады

Қараша 18, 2025 - 14:13
Атырауда зейнеткер балдызын пышақтап тастады
Фото: istockphoto.com

Атырау қаласы Геолог ықшам ауданында зейнеткер балдызын пышақтап тастады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оқыс жағдай 17 қарашада болған. Отбасылық жанжал болып, 73 жастағы зейнеткер әйелге пышақ ала жүгірген.

"Жанжал салдарынан 59 жастағы әйел пышақ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікке ілінген ер адамды жедел анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің туысы. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow