Атыраудағы мектептердің бірін полиция қоршап алды

Атыраудағы Авангард шағын ауданындағы №3 мектеп-гимназияны полиция қоршап тұр, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Бүгін Атырауда №3 мектептің оқушыларын мектеп әкімшілігі сабақтан шұғыл ертерек босатқан.
Оқушылардың айтуынша, мұғалімдер оларға ғимаратта құбыр жарылғанын айтқан. Басылым мәліметінше, ата-аналар "жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түсті", - дейді.
"Қазіргі кезде мектептің айналасы полиция қызметкерлерімен қоршаулы тұр. Оқушылар сағат 12:25-те үйлеріне тарады. Полиция департаменті тексеріліп жатқанын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.
Жергілікті басылым ақпарат нақтыланып жатқанын жазды.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың салдары бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






