Атыраудағы бір отбасының өлімі: күдіктіге қатысты тың дерек шықты
Атырауда ата-енесін, әйелінің бауырларын өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Мұндай шешімді қалалық мамандандырылған тергеу соты шығарды. Алдын ала мәлімет бойынша, қазір Сұлтан Сарсемалиев тергеу изоляторында.
Қазір 4 адамның өліміне кінәлі деп ұсталған күдіктіге қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалған. Анығын айтқанда, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі, екі немесе оданда көп адамды өлтіру және 188-бап, ұрлық бойынша тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, жуырда тергеу әрекеттері үшін Сұлтан Сарсемалиевті Жангелдин ауылына және Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денесі табылған қаладағы үйге апарған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0