Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты ресми дерек шықты

Шілде 9, 2026 - 11:20
chat_bubble  0 visibility  1
Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты ресми дерек шықты
Фото: видеодан скрин

Атырау облысында бүтін бір отбасының өліміне қатысты сотталып жатқан Сұлтан Сарсемалиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады Sadaq.kz.

Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады.

Облыс прокурорының көмекшісі Айсұлу Сүлейменнің айтуынша, тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы күйеуі жасаған аса ауыр қылмысты жасырғанын растайтын жеткілікті дәлелдер анықталмаған.

Еске салсақ, өткен жылы Сұлтан Сарсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталғаннан кейін екеуіне де «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Кейін тергеу барысында Ақбаян Мұқанғалиеваға тағылған адам өлтіру айыбы оның әрекетінде қылмыс құрамы болмауына байланысты алынып тасталды. Алайда құқық қорғау органдары оның бұрынғы жұбайының қылмысын жасырған болуы мүмкін деген күдікпен істі жеке өндіріске бөліп, тергеуді жалғастырған еді.

Прокуратура мәліметінше, Алматыда жүргізілген кешенді стационарлық сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Ақбаян Мұқанғалиеваға динамикалық бақылау жүргізіп, қосымша дифференциалдық диагностика жасау қажет деп танылған. Қазіргі уақытта ол тиісті ем қабылдап жатыр.

Ал Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Іс бойынша жарыссөз бастапқыда 7 шілдеге белгіленгенімен, сот ғимаратында электр қуатының болмауына байланысты 9 шілде сағат 11:00-ге ауыстырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0