«Әуе кеңістігіне шектеу қойылады»: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі жеңістің 80 жылдығына арналған Астанада өтетін әскери парадқа дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап бірқатар шектеулер болатынын хабарлады.
Ведомствоның ақпаратынша, еліміздің кейбір аймақтарында жеке құрамды тасымалдау және әскери техниканың теміржолмен тасымалдануына байланысты кейбір жол учаскелерінде уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның жаттығу ұшуларын жүргізу үшін Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.
Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз.
Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды, жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз, – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?






