«Ауғанстанға көшіп кет!»: Баян Алагөзова әнші Рүстем Жүгінісовтің елден кетуін талап етті

Бұл туралы ол Instagram парақшасындағы stories-те жариялады.
«Никях деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға күйеусіз немесе бауырларымен бірге бармай, жалғыз жүрмеңдер деп кеңес беріп отыр. Мен уәкілетті органдардан оның әрекетіне қатысты кем дегенде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Өйткені бұл – әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеу.
Біз шариғат жолындағы емес, тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Қыз болсын, әйел болсын өзі кез-келген жерге баруға, жүруге құқылы. Айтқан сөзіңізге жауап бересіз бе? Адамдарды олай адастырмаңыз. Сізге ұнамаса, Ауғанстан, Иран, Араб елдеріне көшіп кетіңіз», – деді продюсер.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде орамал таққан жас қызға белгісіз ер адам интимдік ұсыныс жасап, «бір реттік неке» жасайық деп тиіскен болатын. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, қызу талқыға түсті.
Осы жағдайға байланысты әнші Рүстем Жүгінісов: «Егер мешітте солай жүрсеңіздер, ер адамдар түрлі ойға кетуі мүмкін. Сондықтан абай болыңыздар. Намазды кешке үйде оқыған дұрыс», – деп пікір білдірген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






