«Ауыл үшін үлкен шығын»: Атырауда тасқын кезінде бөгет салысқан итті атып кеткен (ВИДЕО)
Атырау облысында көктемгі су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен Пшөн есімді итті белгісіз біреулер атып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үй жануарының иесі Зәмзәгүл итінің өткен бейсенбі, 28 қарашада атылғанын айтты. Пшөн туғаннан Атырау облысы Сарытоғай ауылында Зәмзәгүл апайдың отбасында өскен.
"Итімізді әдеттегідей ауланың сыртына жіберген едік. Сосын ол үйге қайтып келді. Алайда денесіндегі оғымен оралды. Итаулаушы үйге жақын жерде еді, неге екені белгісіз, оны көрді де, ата салды. Меніңше олар Пшөнді танымады. Біз итаулаушыны танимыз. Алайда олар неліктен ол жерде жүргенін білмеймін. Бұл біз үшін, біздің ауыл үшін үлкен шығын", – деді Зәмзәгүл.
Сіздің реакцияңыз қандай?