Ауыр жарақат алғандар жоқ - СІМ Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы

Наурыз 28, 2026 - 13:15
chat_bubble  0 visibility  5
Ауыр жарақат алғандар жоқ - СІМ Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар туралы
фото: видеодан скриншот

ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев Ресейдің Ленинград облысында болған жанжалға қатысты түсініктеме беріп, Санкт-Петербургтегі Бас консул Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысының Усть-Луга вахталық ауылында тұрмыстық сипаттағы оқиға болып, оған Қазақстан азаматтары да қатысқан. 

— Жағдайды жан-жақты және объективті анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шаралар жүргізіп, қақтығысқа қатысушылар ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Қолдағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан азаматтары арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатуды қажет ететін тұлғалар жоқ. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты және тиісті қызметтердің бақылауында, — деді Жетібаев.

ҚР СІМ ресми өкілі атап өткендей, Қазақстан Республикасының Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өкілдерімен тұрақты байланыста.

 — Бас консул оқиға орнына барып, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп, барлық жағдайды нақтылап отыр, — деді ол.

Еске салсақ, кеше әлеуметтік желілерде Ресейдегі құрылыс нысандарының бірінде болған жаппай төбелестің видеосы қызу талқыға түсті. Бұлардың арасында Қазақстан азаматтары болуы мүмкін екені айтылды. Өз кезегінде ҚР Сыртқы істер министрлігі шұғыл тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0