«Ауру бала тумайын десеңіз, жүкті кезде боянып-сылануды қойыңыз» - гинеколог

Тәжірибелі акушер-гинеколог бала көтеруді жоспарлап жүрген қыз-келіншектер мен жүкті әйелдерге кеңес берді, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Білікті дәрігер Маржан Сиязовнаның айтуынша, Кеңес заманында жүкті әйелдерге шаш кесуге, шаш бояуға, тырнақ өсіріп, маникюр жасауға, бетке бояу жағып, макияж жасатуға тыйым салынған.
«Кеңес заманында жүкті әйелдерге шашын кесуге, боянуға, тырнақ жасатуға рұқсат бермейтін. Жуынбай, кір-қожалақ болып жүр деп отырған жоқпын. Ал, қазір келіншектер перзентханаға барарда боянатыны соншалық, театрға барғандай келеді. Бірақ оның бәрі - химия. Қазір сән салонында жүкті адамдар өте көп. Шашын неше түрлі етіп қияды, кірпік жабыстырып, еріндерін ісітеді. Оның бәрі жатырға, балаға кетеді. Одан кейін қандай бала туады? Неге аутизм көп, неге церебралды параличпен туған бала көп?», - дейді ол.
Сондай-ақ ол қазір кей жүкті әйелдер тойға баратындай жасанып алатынын айтады.
«Әрине, қалай болса, солай, кір-қожалақ болып жүрсін демеймін. Алайда әйелдің тәніне жағылатын әлгіндей бояулар, боялатын шаш, жалғанатын кірпік дегеннің бәрінің құрамында химиялық улы заттар барын ескерсек, ол удың бәрі іштегі балаға міндетті түрде әсер етеді.
Қазіргі кезде ауру баланың көбеюіне шешесінің жүкті кезде әлгіндей боянып-сыланып жүруі тікелей әсер етеді», — дейді дәрігер.
Watch on TikTok
Сіздің реакцияңыз қандай?






