«Аурухана сыртына қарулы күзет қойылған»: Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Сара Назарбаева әлі де Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты ұлттық госпитальда (совминка) і емделіп жатыр.

Қыркүйек 16, 2025 - 10:49
Қыркүйек 16, 2025 - 10:50
«Аурухана сыртына қарулы күзет қойылған»: Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева әлі де Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты ұлттық госпитальда (совминка) і емделіп жатыр. 

BES.media сайты хабарлауынша, аурухана ем-дом стандарт бойынша жасалып жатқанын, ал диагноз бен науқастың жағдайы дәрігерлік құпия ретінде жарияланбайтынын хабарлаған.

Осыдан бес ай бұрын кейбір сайттар 84 жастағы Сара Назарбаеваның өте ауыр жағдайда  ауруханаға түскенін жазған еді. Мәселен, Orda.kz сайты медициналық мекеме ғимаратының сыртында қарулы күзет қойылған. Түсірілім жасауға тыйым салынғанын хабарлады.

Кейін басылымдарда Назарбаеваның "қайтыс болғаны" жайлы ақпарат тарап, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Сара Назарбаева күйеуі президент қызметінде болған кезеңнің кейінгі жылдарында ел алдына көп шықпай кеткен. Ол күйеуімен бірге шетелдік сапарларға барған жоқ, ресми шараларда да бой көрсетпеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow