Автобус қоғамдық көлік емес: сот қоғамдық орында шу шығарған прокурорды ақтап алды

Сот Алматы әуежайында ұсталған Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровтің әрекетінен ешқандай мастық пен бұзақылықтың болмауына байланысты істі тоқтатты, деп хабарлады sadaq.kz.
27 тамыз күні Алматы әуежайында Әбдіров екі ағайынды жігітпен танысқан. Олар прокурордың жерлестері болып шыққан. Ұшаққа апаратын автобустың ішінде олардың арасында келіспеушілік болған. Келесі күні әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкері Әбдіровке қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Алайда сотта ағайындылар оған ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, ол есін білген, сөзі анық, бағдарын жоғалтпаған, мастық белгілері тіркелмеген. Ал «жанжал» шықты деген автобус қоғамдық көлік емес, арнайы көлік ретінде танылды, демек ол – қоғамдық орын болып саналмайды.
«Әбдіров балағат сөздер айтпаған, өзгелерге тиіспеген және қоғамдық тәртіпті бұзбаған», – делінген қаулыда.
10 қыркүйекте Ақтау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты істі қылмыстық құрамның болмауына байланысты жапты.
Сіздің реакцияңыз қандай?






