Ай сайынғы аударым 300 мыңнан асса бірден тексеріледі

Маусым 3, 2025 - 15:41
Ай сайынғы аударым 300 мыңнан асса бірден тексеріледі

Бір ай ішінде бір шоттан басқа шоттарға 300 000 теңгеден астам сома аударылған жағдайда, банктер бұл операцияларды Қаржы мониторингі агенттігіне хабарлауға міндетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Азаматтар бұл қаражаттың бизнестен түспегенін дәлелдеу керек болады. Бұл туралы Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл айтты.

Оның сөзінше, бұл өзгеріс «көлеңкелі экономиканың» алдын алу, сондай-ақ қаржы қылмыстарымен күресу мақсатында енгізілген.

Не тексеріледі?
Аударымдардың жиілігі мен сомасы
Ақша қайда және кімге жіберілді
Жеке тұлғаның табыс көзі мен заңдылығы

Кімді қамтуы мүмкін?
Жеке тұлғалар (әсіресе жиі немесе ірі көлемде аударым жасайтындар)
Кәсіпкер ретінде тіркелмей табыс тауып жүргендер (мысалы, Instagram/Telegram арқылы онлайн сауда жасайтындар)


Не істеу керек?
Егер жүйелі түрде табыс тауып жатсаңыз — Кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеу ұсынылады.

Аударымдар жеке мақсатта ғана жасалып жатса, алаңдауға негіз жоқ, бірақ банктік түсініктемеге дайын болған жөн.

Қаржы министрлігінің өкілі үш айда аударылған қаражат көлемі 1 млн теңгеден асқан адамдардың барлығын Мемлекеттік кірістер комитеті тексеретінін айтты.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow