«Аяусыз ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында егіздердің анасы ажал құшты

Тамыз 19, 2026 - 11:21
app_badging Тамыз 19, 2026 - 11:37
chat_bubble  0 visibility  15
«Аяусыз ұрып, қолын сындырған»: Алматы облысында егіздердің  анасы ажал құшты
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында екі баланың анасы өзіне қол жұмсап, қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы жағдай туралы «НемолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қорға марқұм әйелдің туыстары хабарласып, көмек сұраған.

Қордың мәліметінше, әйел қайтыс болардан үш күн бұрын күйеуінен соққы көріп, қолын сындырған. 

«23 шілдеде күйеуі оны ұрып, қолын сындырған. 26 шілдеде ол өз-өзіне қол жұмсаған – әзірге ресми нұсқа осы. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр», – делінген желідегі жазбада.

Алдын ала ақпарат бойынша, марқұмның артында екі жасар егіз балалары қалған. Марқұмның туысының айтуынша, әйел болған жағдайды жақындарына бірден айтпаған. Ол ата-анасын уайымдатудан және болған оқиғадан ұялғандықтан, күйеуінің әрекетін жасырған.

«26 шілде күні күні сіңілім өзіне қол жұмсады. 23 шілде күні күйеуі екеуінің арасында жанжал шығып, күйеуі оны ұрып-соғып, қолын сындырған. Ұялып әрі ата-анамызды аяп, ол маған ештеңе айтқан жоқ. Өзіне қол салардан 1 сағат бұрын сіңілім маған осының бәрін айтып берді. Егіз балаларын басқа бауырымызға қалдырып, артынша өзіне қол жұмсады», – делінген марқұмның туысының хатында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0