«Айыппұл кешіріледі»: Мәжіліс рақымшылыққа қатысты заңды қарауға кірісті

Мамыр 21, 2026 - 10:35
app_badging Мамыр 21, 2026 - 10:36
chat_bubble  0 visibility  1
«Айыппұл кешіріледі»: Мәжіліс рақымшылыққа қатысты заңды қарауға кірісті
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа қатысты заңды қарауға кірісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты рақымшылық қылмыстық және әкімшілік істерге қатысты қолданылады.

"Рақымшылық аясында зиян келтіруге әкеліп соқпаған не оны толық өтеген ауырлығы аз немесе орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауапкершіліктен босату, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша толық өтелген жағдайда мерзімдерді қысқарту ұсынылады", - деді Имашева.

Ал әкімшілік рақымшылық Қазақстан азаматтары болып саналатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар мен қандастарды заң қабылданға дейін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босатады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0