«Айыппұлды еселеп арттыру қажет»: Бектенов жол ережесін қасақана бұзатындарға шара қолдануды тапсырды

Қыркүйек 22, 2026 - 13:05
chat_bubble  0 visibility  2
«Айыппұлды еселеп арттыру қажет»: Бектенов жол ережесін қасақана бұзатындарға шара қолдануды тапсырды
Фото: istockphoto.com

Жол ережесін қасақана бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуі керек. Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Алдағы уақытта жол ережесін қасақана бұзушыларға қатысты жаза қайта қаралады.

"Мұндай адамдарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдік берілмеуге тиіс. Керісінше, ереже бұзушылық санына қарай айыппұл мөлшерін бірнеше есе арттыру қажет", — деді Бектенов.

Осыған байланысты премьер-министр Ішкі істер министрлігіне шетелде тиімділігін көрсеткен балдық жүйені енгізуді тапсырды.

"Біздің ортақ міндетіміз – жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апатының санын тұрақты түрде азайту және адам өлімінің алдын алу", — деп атап өтті премьер-министр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0