«Айта алмаймын»: Бибісара Асаубаева қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты (ВИДЕО)

ыяЖақында ғана екінші гроссмейстер атағын жеңіп алған қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева елордадағы шаралардың бірінде БАҚ өкілдеріне қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Сіздің жарыстарға дайындық барысыңыз қалай өтеді. Қазақ тілінде айта аласыз ба?», - деген журналистің сұрағына ол «кешіріңіз, айта алмаймын», деп жауап берді.
Айта кетейік, Бибісара — шахмат тарихындағы жарық жұлдыз. Ол небәрі 17 жасында блиц шахматтан екі мәрте әлем чемпионы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді!
Жетістіктері:
• 2021, 2022 — Блиц бойынша әлем чемпионы
• 2021 — Рапид бойынша әлемнің күміс жүлдегері
• Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
• Халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері
• Ең жас әлем чемпионы ретінде рекорд орнатты
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






