«Айтысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды»: Аманжол Әлтаев Балғынбек бастаған ақындарды сынға алды

Ақпан 5, 2026 - 13:13
Ақпан 5, 2026 - 13:19
 0  49
«Айтысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды»: Аманжол Әлтаев Балғынбек бастаған ақындарды сынға алды
Фото: Sadaq коллажы

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев әлеуметтік желіде айтысып жүрген айтыскер ақындардың бұл қылықтарын құптамайтынын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оның сөзінше, әр әннің ырғағына құралған жеңіл ұйқас пен олпы-солпы сөйлеу үлгісін бекзат өнер айтыспен шатастырмау керек. 

"Ондай ырбыңдаған, ырбықай  айтыс болмайды. Айтыстың ғасырлар бойы қалыптасқан жанрлық табиғаты бар. Кешегі Сүйінбай, Жамбылдардың ізімен айтыс бүгінгі күні дамып келе жатыр. Ал анау Балғынбек пен Айнұр, Жандарбектің жасап жатқандары айтысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Оны не деп айтуға болатынын да білмеймін. Елдің алдына шығып алып, ырбыңдаған, жырбыңдаған өнер бола ма екен? Ол  ешқандай өнер емес!", – дейді ол.

"Өте орынды айтты", "Дұрыс айтып отыр", "Енді олар сізге жауап береді", "Айтысса айтыса берсін", "Халыққа ұнап жатыр ғой", "Заманауи айтыс та керек", "Олардың онлайн айтысын асыға күтіп жүрміз", – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0