«Айтқанын бір сәтте ұмытып қалады»: Шахановтың келіні атасының жағдайы күрт нашарлағанын айтты
Жаңагүл Өмірбекова қайын атасы Мұхтар Шахановтың қазіргі жағдайына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Facebook парақшасында жазғандай, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, қазіргі уақытта өте ауыр күйде. Жаңагүл Өмірбекова көпшілікті түсіністік танытуға шақырды.
"Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айрылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!" – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0