«Айжұлдыздың аяғын сүйген»: Жанар Айжанованың күйеу баласы сынға ұшырады

Қыркүйек 15, 2025 - 19:54
Қыркүйек 16, 2025 - 03:55
«Айжұлдыздың аяғын сүйген»: Жанар Айжанованың күйеу баласы сынға ұшырады
фото: видеодан скриншот

Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, продюсер Сәкен Қағаровтың қылығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Желіде тараған бейнежазбада ол аяғы ауыр әйеліне қамқорлық танытып, шұлығын өзі кигізіп, кейін аяғынан сүйген сәті көрсетілген.

«Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың», – деп жазды Сәкен Қағаров.

Желі қолданушылары бұл әрекетке екі түрлі көзқарас білдірді.

Бірі: «Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?», «Айжұлдыз бақытқа лайықты», – деп сүйсінсе, енді бірі: «Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?», «Бұл өнеге болатын дүние емес», «Барлығымыз әйелімізді құрметтейміз, бірақ шектен шықпау керек», «Атам көрсе ұрсып тастар еді», – деп сынға алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow